«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес және Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №191 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда қаласында орталығы «Сыр перзенті» бала-бақшасындағы сайлау учаскесіне № 379, сол жағалаудағы «Orda school» мектебіндегі сайлау учаскесіне №380, «Сабалақ» мөлтек ауданындағы «Orda school» мектебіндегі сайлау учаскесіне №381, Арал ауданы Арал қаласында жаңадан құрылатын орталығы аудандық орталық ауруханадағы сайлау учаскесіне № 382 нөмірленуі белгіленсін.
- Осы қаулы Қызылорда қаласы, Арал ауданы әкімдерінің аппараттарына жіберілсін және Облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймурзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева