Лого

Меню

Страницы

Статья

Кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылғы 14 желтоқсан күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 де Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 8 кандидат ұсынылды: Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетов, Руслан Рустемов, Нұрғали Рахымшаұлы Қордабай, Жорабек Ибрагимович Нурымбетов, Жасулан Бакытович Жарасбаев, Асылбек Өмірбекұлы Шаменов, Наурызбай Сейткалиевич Байкадамов, Бердешов Жеңісбек Төлепбергенұлы.

Ұсынылған 7 үміткер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына толық сай келеді, 1 үміткер облыс аумағында кемінде соңғы үш жыл тұрақты тұрмауына және еңбек қызметін растайтын құжаттарын ұсынбауына байланысты заңнама талаптарына сәйкес емес деп анықталды.

Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде әйел жоқ.

Барлық кандидаттардың білімі жоғары.

Мамандығы бойынша: 3-инженер, 2-мұғалім, 1- экономист, 2- басқа мамандықтар.

7 кандидат саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 1 кандидат партия мүшелігінде тұрмайды.

Барлық кандидаттардың ұлты – қазақ.

Орташа жасы - 50 жаста.

Қызмет түрі бойынша: 2-і – әкім, 1-і – мәслихат хатшысы, 2-і – мемлекеттік қызметші, 1-і мемлекеттік кәсіпорын қызметкері, 2-і - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері.

3 кандидат өздерін қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын облыстық сайлау комиссиясына өткізді. Облыстық сайлау комиссиясының паспорт қызметінің мамандарымен бірігіп жүргізген қол қою парақтарындағы қолдардың растығын тексеруінің нәтижесінде рас болмай шыққан қолдар анықталмады.

Бүгінгі күнге облыстық сайлау комиссиясы тіркелу үшін таңдаушылардың өздерін қолдаған жеткілікті дауыс санына ие болып, өзінің және зайыбының табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы мен сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсырған 3 кандидатты тіркеді.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 24 желтоқсан күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 ге дейін созылады, ал 24 желтоқсан күнгі сағат 18-00 ден кейін барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр.

Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 14 желтоқсан

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы