2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жыл көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 174 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 5 799 654 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы – 60 120 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 2 306 952 қызмет;
- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде –3 432 582 қызмет (оның ішінде баламасыз түрде көрсетілгені – 557 738 қызмет) көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары
2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес 134 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 102 жергілікті атқарушы органдар;
- 32 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 439 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 7 тұлғаға «Ескерту» түріндегі және 1 тұлғаға «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазалары қолданылды.
2021 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 23 мерзім бұзушылық орын алған (оның ішінде 3-уі ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелерімен анықталған).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 319.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 3 118.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 85.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 173 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 110 281 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 608 265 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы және ЖАО ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда;
- 492 601 қызмет- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде;
- 9 415 қызмет- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 37 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде:
жергілікті атқарушы органдар- 25;
ведомстволық бағынысты мекеме- 12.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны –86.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған қызметкерлер саны–327.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 32.
2021 жылдың ІІ тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 173 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 219 777қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 631 857 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы және ЖАО ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда;
- 571 745 қызмет- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде;
- 16 175 қызмет- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 27 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде:
жергілікті атқарушы органдар- 24;
ведомстволық бағынысты мекеме- 3.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны –41.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған қызметкерлер саны–754.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 19.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 172 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 832 839қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 1 293062 қызмет«Электрондық үкімет» веб-порталы және ЖАО ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда;
- 516 188 қызмет- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде;
- 23589 қызмет- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 32 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде:
жергілікті атқарушы органдар- 26;
ведомстволық бағынысты мекеме- 6.
Тексеру нәтижелерімен заң бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Дегенмен, заң бұзушылық фактілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталды.
Атап айтқанда:
- мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту бойынша -1 дерек.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 52.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған қызметкерлер саны–716.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 17.
2020 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2020 жыл көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 172 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 5 162 929 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы – 72 404 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 3 106 939 қызмет;
- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде –1 983 586 қызмет көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары
2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес 147 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 97 жергілікті атқарушы органдар;
- 50 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 93 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 5 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.
2020 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 61 мерзім бұзушылық орын алған (оның ішінде 3-уі ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелерімен анықталған).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 252.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар –1 921.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 127.
Электронды қызметтердің үлесін арттыру шаралары
Электрондық мемлекеттік қызметтерін алуды танымал ету, олардың үлесін арттыруға қатысты төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
Атап айтқанда, ұйымдастырылған шаралар бойынша:
- «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында орналасқан облыстық басқармаларының қызметкерлеріне Мемлекеттік корпорация өкілдерімен «Электрондық үкімет» веб-порталындағы қызметтерді алу және ондағы жаңа сервистерді пайдалану дағдыларына үйретілді;
- «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Электрондық сандық қолтаңба беру және мерзімін ұзарту» акциясы өткізілді;
- облыс тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру, оның ішінде «egov.kz» веб-порталында электронды қызмет алу дағдысына үйрету мақсатында 2019 жылы 9 285 адам оқытылса, 2020 жылы 3 600 адам оқытылды;
- 2020 жылдың 28 қаңтар күні облыс әкімі аппаратының басшысымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – іс шаралар жоспары) бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспары электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыруды қоса көздейді. Іс-шаралар жоспары аясында 2020 жылға электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған жоспар-кесте әзірленді. Оның орындалу көрсеткіші жарты жылдық негізде қаралуда.
- облыс бойынша 658 қызметті көрсетуші жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты мекемелерде Мемлекеттік корпорацияның «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету секторының үлгісіндегі «Электрондық үкімет» бұрыштары ұйымдастырылды
- карантин уақытында электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтерді баламалы негізде көрсетуді болдырмау бойынша облыс орталығы тұрғындарының басым көпшілігінде электрондық қызметтерді үйден шықпай алуға техникалық мүмкіндігі жоқтығы ескеріле отырып, облыс орталығының бірнеше объектілерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» (барлығы 7 объекті) ашылып, онда ХҚКО қызметкерлері тұрғындарға электрондық қызметтерді алуға көмек берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша:
- тұрғындарды жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтердің ішінде қарантин уақытында қай қызметтерді электрондық форматта алуға болатынын хабардар ету мақсатында «Сыр бойы» газетінің №87-88 басылымында екі тілде арнайы хабарлама жарияланды;
- «Qazaqstan-Qyzylorda» телевизиялық каналында тұрақты түрде аптасына 3 рет онлайн қызметтердің алу жолдарын үйрететін арнайы бейнероликтер жариялануда және аталған бейнероликтер Қызылорда облысы әкімдігінің және облыстық ішкі саясат басқармасының ресми интернет-ресурстарында, «WhatsApp», «Telegram» мессенджерлерінде орналастырылды.
- 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында облысымыздағы интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде «Электронды қызметтердің игілігі көп» тақырыбындағы мақала жарияланып, «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру», «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» қызметтерін алуды үйрететін бейнероликтер орналастырылды .
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және электронды қызметтер үлесін арттыру мәселелері облыс әкімдігінің үнемі назарында.
2020 жылдың 1-жартыжылдығында
жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2020 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 170 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 214 582 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы – 38 018 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 314 097 қызмет;
- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде –862 467 қызмет көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары
2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 53 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 31 жергілікті атқарушы органдар;
- 22 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 37 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 1 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2020 жылдың 5 айы қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 7 мерзім бұзушылық орын алған (оның ішінде 1-уі ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелерімен анықталған).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 73.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 1013.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 68.
Электронды қызметтердің үлесін арттыру шаралары
2019 жылы облыс бойынша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 9285 адам оқытылса, 2020 жылы 3 600 адамның оқытылуы жоспарланған.
2020 жылдың 25 наурызында «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында жұмыс жасайтын қызметкерлерге арналған «Электрондық сандық қолтаңба беру және ұзарту» акциясы өткізілді. Акция барысында 100-ден аса қызметкер ЭСҚ-мен қамтылды.
Тұрғындарға электронды қызметтерді еш кедергісіз алу мақсатында облыс бойынша 658 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.
Бұдан бөлек, облыс орталығында тұрғындар электронды қызметтерді Мемлекеттік корпорация қызметркелерінің көмегімен ала алатын 7 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.
«Egov», «Mgov», «Telegram Bot» оқыту бойынша 3 жақты жоспар кесте бекітілді. Кесте бойынша 100 000 адамның оқытылуы жоспарланып, бүгінде оқытылған адам саны 56 000-ды құрауда.
2020 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
салааралық қатынасы
|
№ |
Сала атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Білім |
26 132 |
|
2 |
Халықты әлеуметті қорғау |
49 823 |
|
3 |
Денсаулық сақтау |
872 448 |
|
4 |
Туризм, бизнесті қолдау және дамыту |
0 |
|
5 |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары |
21 |
|
6 |
Жер қойнауын пайдалану |
10 |
|
7 |
Табиғатты пайдалануды реттеу |
1 060 |
|
8 |
Жер қатынастары |
6 918 |
|
9 |
Ауыл шаруашылығы |
4 182 |
|
10 |
Ветеринария |
215 020 |
|
11 |
Дін |
3 |
|
12 |
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы |
7 787 |
|
13 |
Спорт |
499 |
|
14 |
Архив, мәдениет |
6 913 |
|
15 |
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
2 016 |
|
16 |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы |
436 |
|
17 |
Азаматтық хал актілерін тіркеу |
21 314 |
|
Барлығы |
1 214 582 |
|
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2019 жыл қорытындысы
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 189 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2 403 978 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы – 133 618 қызмет (5.6%);
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 771 895 қызмет (32,1 %)(Ал, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламалы түрде көрсетілген қызмет үлесінен (1 369 254) алынған электрондық форматта көрсетілген қызметтер саны – 644 693 (47 %));
- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде –1 498 465 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылық фактілері.
2019 жылдың қорытындысымен орын алған мерзім бұзушылықтар саны – 22, оның 6-уы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысымен анықталған.
Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін 12 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 2-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).
Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.
Ішкі бақылау шараларына қатысты.
2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 219 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 101 жергілікті атқарушы органдар;
- 118 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 2067 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 44 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (32-сіне – «ескерту» түрінде, 11-на «сөгіс» және 1-не «қатаң сөгіс» түрінде) .
Тәртіптік жауапкершіліктері қаралған тұлғалардың – 14-і жергілікті атқарушы органдар қызметкері болса, 30-ы ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкері.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 322.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 10 533.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 194.
Электронды қызметтердің үлесін арттыру.
Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2014 жылдан бері өткізілген 9 акцияға барлығы 31 519 адам қатысып, 534 ұтыс иегерлеріне 726 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.
2019 жылдың қараша айының 27-сі күні «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Электрондық сандық қолтаңба беру және мерзімін ұзарту» акциясы өткізілді. Акция барысындатек 1 күнде 122 электрондық сандық қолтаңба алынды.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 30 қарашасы күні «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді насихаттау, электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру, тұрғындарды электронды санды қолтаңбамен қамту және қызмет алушылар мен қызметті көрсетушілер арасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне түсіндірме жүргізу арқылы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында облыстың барлық аудан орталықтарында «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты тұрғындармен «meet up» кездесулер өтті.
Онымен қоса, 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім саласындағы 13 қызмет түрі автоматтандырылды (5 қызмет орта білім беру саласында, 8 қызмет техникалық және кәсіптік білім беру саласында).
Нәтижесінде, а.ж. оқу жылында қабылданған 61 527 өтініштің 77,2 %-ы (47 546) қызметті алушылармен электронды түрде берілген.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2018 жыл қорытындысы
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін 195 қызмет түрі бойынша 2018 жылы барлығы 2 127 334 қызмет көрсетілген (2017 жылы-2708536).
Оның ішінде:
-Мемлекеттік корпорация арқылы – 130 334 (2017 ж. – 177 241, яғни 26,5% азайған, себебі – бірқатар қызмет түрлерінің электронды форматқа ауысуы).
-«электронды үкімет» веб-порталы және «ДамуМед» КМАЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 852 304(2017 ж. – 482 572, яғни 1,8 есе артқан);
автоматтандырылған өзге де ақпараттық жүйелер («Е-собес», «ЕАСУ МСХ РК», «ИСЖ) арқылы – 376 649;
мемлекеттік органдар арқылы - 767 974 қызмет (о.і.571 710 қызмет – баламасыз түрде тікелей мемлекеттік органдармен көрсетілген).
Көрсетілген қызметтердің салааралық қатынасы келесідей:
1 527 188 қызмет (71,8%) – денсаулық сақтау саласында;
181 319 (8,5%) – ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында;
167 322 (7,9%) – білім саласында;
145 480 (6,8%) – әлеуметтік қорғау саласында;
42 015 (2,0%) –АХАТ саласында;
21 081 (1,0% ) – құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында;
10 381 (0,5%) – жер қатынастары сласында;
32 272 (1,5%) – басқа салаларда көрсетілген қызметтер.
Мерзім бұзушылық фактілері. 2018 жылдың 11 айында (желтоқсан айының мәліметтері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен нақтылануда) мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны - 14 (2017 ж. – 67), оның ішінде 5 мерзім бұзушылық ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау жұмыстары нәтижесінде анықталған.
Нәтижесінде 25 жауапты қызметкерлерге түрлі тәртіптік жазалар қолданылды, атап айтқанда:
10 қызметкерге - «ескерту»;
3 қызметкерге - «сөгіс»;
12 қызметкерге – «қатаң сөгіс».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мемлекеттік органдарға түскен арыз-шағымдардың саны – 1(2017 ж.–0).
Ішкі бақылау жүргізу шаралары.
2018 жылы іс-шаралар жоспарына сәйкес 178 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, барлығы 178 объекті қамтылды, о.і.:
-жергілікті атқарушы органдары саны – 119;
-ведомстволық бағыныстағы ұйымдар саны - 59, анықталған бұзушылықтар саны – 458.
Ішкі бақылау актілерінде берілген ұсынымдарға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны - 19, 16 – «ескерту»,3- «сөгіс».
Оның ішінде 7-уі -жергілікті атқарушы орган қызметкерлері болса, 12-уі – ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметкерлері.
2018 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 308, оның 90 -ы облыстық, аудандық және қалалық газеттердегі мақалалар.
Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру.
Облыс әкімі аппаратымен жыл сайын Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыруға арналған жоспар кестесі бекітіледі және қызметтер үлесін аталған жоспарға сәйкестендіріп көрсету мәселелері күнделікті қадағалануда.
Облыс бойынша тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы электронды қызметтердің үлесін арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күнге барлығы 8 акция өткізіліп, оларға 28 281 адам қатысты. Қатысушылардың ішінде 506 адам ұтыскер болып танылып, оларға 690 сыйлықтар (телефон, ақпарат тасығыш (флешка), смартфон телефон, картридер, роутер модемі, планшет, ноутбук және теледидар) табысталды.
Жүргізілген жұмыстар онлайн қызметтер үлесінің 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артуына мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін автоматтандыру
Әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында «Кәсіпкерлерді қолдау орталығында» коммуналдық қызметтерге (-электр, -газ, -су, жылу құбырлары) техникалық шарттар алудың онлайн механизмі ендірілді.
Нәтижесінде, техникалық шарттарды монополиялық құрылымдарға бармай-ақ электронды түрде алу мүмкін болып, мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 күнге дейін қысқартылды.
Сондай-ақ, жыл басынан облыс бойынша балаларды бала-бақшаға кезекке қою және қабылдау мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру мақсатында «Электронды балабақша» жүйесі құрылды. Бүгінгі күнге аталған жүйеге 659 бала-бақша қосылды.
Одан басқа, «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі базасында «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтері автоматтандырылды.
Жыл басынан бері «Дамумед» арқылы барлығы 239 764 қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігімен Орталық мемлекеттік органдарға 50-ден астам ұсыныстар ұсынылды.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері үнемі жүргізілуде және облыс әкімдігінің назарында.