2022 жылғы 9 желтоқсанда Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 71 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
1) Бердешов Жеңісбек Төлепбергенұлы.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша кандидаттардың оларға ҚР Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 29 қарашасынан 14 желтоқсанға дейін (сағат: 18-00 гедейін) жүзеге асырылады.