«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5) тармақшасына, 73-бабына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Руслан Рустемов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелсін.
- Руслан Рустемовке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың куәлігі берілсін.
- Руслан Рустемовтің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы осы қаулыға қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулы «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалына арнаулы уақытша шот ашу үшін, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне декларацияланған мәліметтердің анықтығын тексеру үшін және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолдансын.
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2022 жылғы 7 желтоқсан
№ОСК-427