«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5) тармақшасына, 73-бабына сәйкес 2022 жылғы 7 желтоқсанда Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынған, 1968 жылы туылған, қазақ, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұратын Руслан Рустемовті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеді.