«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 72-бабына, 73-бабының 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Жорабек Ибрагимович Нурымбетовті қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 7 желтоқсан
№ОСК-425