2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 12:00-де Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Жорабек Ибрагимович Нурымбетовті қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Асылбек Өмірбекұлы Шаменовті қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 1, Б-блогы, 337 кеңсе (3- қабат).
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 7 желтоқсан сағат 11.30 дейін келесі телефондар бойынша: 60-54-36, 60-55-78 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_kzl_obl@saylau.kz