Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтарды тіркеу үшін қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін сайлау учаскелерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24, 25, 26 - баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2022 жылғы  14 қарашадағы № 106/602 бірлескен қаулысын, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 432/НҚ бұйрығын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №899 бұйрығын басшылыққа алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысы әкімінің аппараты БҰЙЫРАДЫ:

1) 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтарды тіркеу үшін қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін Қызылорда қаласының №188, №200, №250, №260, №358 сайлау учаскелері айқындалсын.

2)  Осы бірлескен қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Қызылорда облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Г.Баймурзаев

Қызылорда облысы әкімі

аппаратының басшысы                                                         Ш.Байманов

Қызылорда қаласы

2022 жылғы 14 қараша

№ОСК-183/413

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы