«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24, 25, 26 - баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының бірлескен қаулысын және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 431/НҚ бұйрығын басшылыққа алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысы әкімінің аппараты БҰЙЫРАДЫ:
1) 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне қолжетімділік алатын сайлау учаскелері осы қаулының және бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері осы қаулының және бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2) Осы бірлескен қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, облыстың аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облысы әкімі
аппаратының басшысы Ш.Байманов
Қызылорда қаласы
2022 жылғы 14 қараша
№ОСК-183/412
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы 14 қарашадағы
№ОСК-183/412 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында онлайн-сервиске қолжетімділік алу үшін сайлау учаскелерінің тізімі
|
№р/с |
Қала/аудан атауы |
Сайлау учаскесінің № |
|
1 |
Арал ауданы |
34-37, 39-55 |
|
2 |
Қазалы ауданы |
56-63,65-67,91-93,362,376 |
|
3 |
Қармақшы ауданы |
94-100,113-115,117-127 |
|
4 |
Жалағаш ауданы |
128, 129 |
|
5 |
Сырдария ауданы |
155, 156 |
|
6 |
Шиелі ауданы |
284-294, 363-365 |
|
7 |
Жаңақорған ауданы |
319,334-337, 339, 340,367 |
|
8 |
Қызылорда қаласы |
173-186, 188-191, 193-196, 198-209, 211-213, 215, 217-219, 221-226, 236, 237, 243, 249-253, 255-264, 346-349, 352-361, 366, 369, 371-375 |