Лого

Меню

Страницы

Статья

Ортсайлауком хатшысының жұмыс сапары

Ағымдағы жылғы 10 қарашада ҚР ОСК хатшысы М. Т. Ерман өзінің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдеріне арналған семинар-кеңестің жұмысына қатысты.

Семинар-кеңес барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаевтың Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға дайындық жұмыстарының барысы туралы есебі тыңдалды.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш. Байманов тұрғындарды алдағы ҚР Президентінің сайлауы туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс туралы, мобильді сервистік орталықтардың қызметі туралы хабарлады. Облыста 373 сайлау учаскесі бар, ағымдағы жылдың 30 қазанында сайлау комиссияларына 482934 адамнан тұратын сайлаушылар тізімі тапсырылды.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Ибраева мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінде қолжетімділікті қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады. Облыста мүгедектігі бар 20071 сайлаушы тұрады, олардың 1111 – і кресло-арбалармен қозғалады, 324 – нің есту қабілеті бұзылған және 907-нің көру қабілеті бұзылған.

Қызылорда облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы А. Әбдібаев семинар-кеңеске қатысушыларды сайлау процесіне қатысушылардың сайлау туралы заңнама талаптарын сақтауы бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Б. Ибраев сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, сайлау бюллетеньдерін жеткізу және сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әзірлік  жұмыстары туралы баяндады.

Семинар-кеңестің жұмысын ҚР ОСК хатшысы М. Ерман қорытындылап, ағымдағы сайлау науқанын өткізу кезінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Семинар-кеңес жұмысының соңында ҚР ОСК хатшысы М.Ерман Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Насибековке "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы" мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстады.

Содан кейін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының 3-ші курс студенттері PhD, аға оқытушысы А.Исаеваның жетекшілігімен «Сайлау учаскесіндегі дауыс беру күні» көрінісін қойды.

Түстен кейін ҚР ОСК хатшысы облыстық, қалалық сайлау комиссиялары төрағаларымен бірге Қызылорда қаласындағы бірнеше сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығын тексеріп көрді.

Дата публикации
12 ноября 2022
Дата обновления
12 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы