«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 41-бабының 6-1) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы №33/489 «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» қаулысын, Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 31 қазандағы №180 хаттамалық шешімін басшылыққа алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны Қазақстан Республикасының сайлаушы - азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес облыс бойынша сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде 4829 (төрт мың сегіз жүз жиырма тоғыз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2) Облыс аудандары мен Қызылорда қаласының кескініндегі саны осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленген дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау үшін Қызылорда қаласында орналасқан БИН 990440006959 «Арий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспаханасы айқындалсын.
3) Осы қаулы аумақтық сайлау комиссияларына, Арий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және облыс әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне жолдансын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
31.10.2022 жылғы №ОСК-180/408