Аналитикалық мәлімет 2026 жылдың 1 наурызына облыс бюджетінің атқарылуы туралы

Аналитикалық мәлімет

2026 жылдың 1 наурызына облыс бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

Қызылорда облысы бойынша 2026 жылдың 1 наурызына бюджет түсімдері 121,5 пайызға орындалды (болжам 97579,0 млн.теңге, нақты түскені 118549,3 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 130,1 пайызға орындалды (болжам 18990,6 млн.теңге, түскені 24703,3 млн.теңге), артық түскені 20970,3 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 93124,1 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (119,2 пайыз), оның ішінде субвенция – 86057,9 млн.теңге (121,1 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 7066,2 млн.теңге (100 пайыз).

Шығындар

2026 жылдың 1 наурызына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 97,9 пайызға орындалды (жоспар 86197,8 млн.теңге, орындалғаны 84378,3 млн.теңге). Игерілмегені 1819,5 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,7 % орындалып, 6,2 млн.теңге;
Қазалыда – 100 % орындалып, 1,2 млн.теңге;
Қармақшыда – 96,7 % орындалып, 76,5 млн.теңге;
Жалағашта – 99 % орындалып, 11,6 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,5 % орындалып, 5,6 млн.теңге;
Шиеліде – 100 % орындалып, 0,8 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99,9 % орындалып, 5,0 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 99,9 пайызға орындалып, 24,6 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 97,4 пайызды құрады, игерілмегені 1687,9 млн.теңге.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығындар жоспарын, аудандар мен Қызылорда қаласына берілетін трансферттерді қоспағанда:

млн.теңге

КБК

Атауы

есепті

мерзімге жоспар

 

кассалық атқарылуы

 

орындалу пайызы

 

игерілмегені

 

1

2

3

4

5

6

 

Барлығы

64 840,2

63 152,3

97,4

1 687,9

110

Облыс мәслихатының аппараты

30,5

30,3

99,6

0,2

120

Облыс әкімінің аппараты

862,7

862,3

100,0

0,4

252

Полиция департаменті

2 089,7

2 088,9

100,0

0,8

253

Денсаулық сақтау басқармасы

673,4

666,1

98,9

7,3

254

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

785,4

784,7

99,9

0,7

256

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1 768,5

1 768,2

100,0

0,3

261

Білім басқармасы

38 378,8

38 367,0

100,0

11,8

265

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп бвсқармасы

1 061,9

1 061,0

99,9

0,9

268

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы

357,0

355,9

99,7

1,1

269

Облыстың дін істері басқармасы

42,4

42,2

99,7

0,2

273

Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

942,1

941,3

99,9

0,8

279

Энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы

4 057,5

2 415,2

59,5

1 642,3

282

Облыстың тексеру комиссиясы

80,0

80,0

100,0

0,0

288

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

3 529,0

3 526,4

99,9

2,6

299

Экономика және қаржы басқармасы

1 359,0

1 355,8

99,8

3,2

718

Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы

58,6

58,6

100,0

0,0

719

Облыстың ветеринария басқармасы

1 298,5

1 297,1

99,9

1,4

724

Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

34,7

34,7

100,0

0,0

741

Облыстың ауыл шарауашылығы және жер қатынастары басқармасы

5 124,1

5 122,9

100,0

1,2

743

Облыстың цифрлық технологиялар басқармасы

85,8

83,9

97,8

1,9

752

Облыстың қоғамдық даму басқармасы

165,3

164,7

99,6

0,6

768

Облыстың дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

1 944,3

1 934,3

99,5

10,0

773

Облыстың жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

61,2

61,0

99,7

0,2

774

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің атқарушы органы

49,8

49,8

100,0

0,0

Республикалық бюджеттен бөлінген
трансферттер мен кредиттер

Республикалық бюджет қаржысы жоспары 6866,2 млн.теңгенің
5148,9 млн.теңгесі немесе 75 пайызға игерілді, игерілмегені 1717,3 млн.теңге, нысаналы трансферттер кеш түсуінен.


Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер

Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 100 пайызға игерілді (жоспар 10144,5 млн.теңге, игерілгені 10143,6 млн.теңге, игерілмегені 0,9 млн.теңге).

Аналитикалық мәлімет 2026 жылдың 1 наурызына облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Дата публикации
11 марта 2026