2025 жыл қорытындысымен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасымен 2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысының тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 79,8%-ды құрады, бұл өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2,8% - ға төмен (2024 жылы – 82,7%). Оы ретте, қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің орташа балы ең жоғары 5 балдың 4,84–ін (2024 жылы - 4,70 балл) құрады, яғни 2024 жылмен салыстырғанда 0,14 балға артқан.
Мониторинг 72 мемлекеттік қызмет түріне жүргізілді, оның ішінде 13 қызмет түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Жалпы, жүргізілген мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін орташадан жоғары деп белгілеуге болады.

Дата публикации
23 января 2026