Еңбек нарығы бағдарламасын іске асыру есебі

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 18356 адамды қамтуға 19459,1 млн. теңге қаралған.
Жұмыспен қамту органдарының қызметімен 55889 адам қамтылды (жұмыссыздар – 23243 (41,6%), өзін-өзі қамтығандар –2686 (4,8%), жұмыс іздеушілері – 3120 (5,6%), өзгелері – 26840 (48,0%)).
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2754 адам жолданды (жоспар 3500 немесе 78,7%), олардың 2174-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, 117 өз бетінше жұмысқа орналасқан, 425 жеке кәсіпкерлігін ашқан, 243 қайтарымсыз грант алды;
«Электронды еңбек биржасы» (skills.enbek.kz платформасы) порталы арқылы онлайн-оқудан - 30843 өтті (30127 сертификат алды) немесе жоспарланған 26203 адам 117,7% орындалды (о.і.: мектеп, колледж оқушылары - 26795);
- қысқа мерзімді курстарға 105 жұмыссыз жолданды (жоспар – 255 немесе 41,2 пайыз).

 

Дата публикации
29 октября 2025