2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихатының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 41-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 025 жылғы 6 қазандағы №231 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 5 қазандағы акті бойынша Жалағаш ауданының әкімі ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Жалағаш ауданы мәслихатының №8 сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 18 (он сегіз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау осы қаулының қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабардар етілсін.
3. Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссияларына 2025 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей бөлсін және жіберсін.
4. Осы қаулы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми иентернет-ресурсындағы «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Төраға                                                                               А.Ерсултанов

Хатшы                                                                               А.Сырлыбаева

Қызылорда қаласы,
2025 жылғы 6 қазан
№231/167

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихатының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы
Дата публикации
06 октября 2025