Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының жанынындағы
Жас сайлаушылар клубын
құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-, 20-баптарына сәйкес, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 тамыздағы №209 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Консультативтік-кеңесші орган ретінде ерікті негізде қызмет атқаратын Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы құрылсын.
2. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының қызметін үйлестіруге жауапты болып Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Нуржигитович Накипов белгіленсін.
4. Осы қаулы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2025 жылғы 21 тамыз,
№209/154