Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 41-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 сәуірдегі №180 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Арал ауданы Аманөткел, Райым ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 21 сәуірдегі әкім ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Аманөткел ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 14 (он төрт) дананы, Райым ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 10 (он) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2.2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Жаңақорған ауданы Жаманбай батыр, Кейден, Байкенже ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 21 сәуірдегі әкім ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Жаманбай ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 18 (он сегіз) дананы, Кейден ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 8 (сегіз) дананы, Байкенже ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 7 (жеті) дананы құрайтын болып белгіленсін.
3.Арал және Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссияларына 2025 жылдың 29 сәуірінен кешіктірмей бөлсін және жіберсін.
4.Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы А.Ерсултанов
Хатшы м.а. Б.Ідірісов
Қызылорда қаласы
2025 жылғы 21 сәуір
№180/134