Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында құны 689,5 млрд. теңгені құрайтын 38 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 5,9 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Оның ішінде 2022-2024 жылдары құны 4,5 млрд.теңгені құрайтын 8 жобасы іске қосылып, тұрақты жұмыс жасауда.
Биылғы жылы құны 9 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 205 жұмыс орны ашылатын 5 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
1. «Қызылорда Нан» ЖШС-нің Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені, жоба құны - 1,2 млрд. теңге, жұмыс орны - 67 адам, Қызылорда қаласы;
2. «Марал Нұр» ЖШС-нің Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінің құрылысы, жоба құны - 3 млрд. теңге, жұмыс орны - 50 адам, Қызылорда қаласы;
3. «Ayna Glass» ЖШС-нің Айна өндіру бойынша жоғары технологиялық кешен құрылысы, жоба құны - 1,5 млрд. теңге, жұмыс орны - 55 адам, Қызылорда қаласы;
4. «Дезинфекция» ЖШС-нің Қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу, жоба құны - 350 млн. теңге, жұмыс орны - 10 адам, Қызылорда қаласы;
5. «Qazaq Camel» ЖШС-нің Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, жоба құны - 3 млрд. теңге, жұмыс орны - 23 адам, Арал ауданы;