«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 41-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі №178 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округінің әкім сайлауын өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 19 наурыздағы акт бойынша Жалағаш ауданының әкімі ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Қаракеткен сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 8 (сегіз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2.Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін осы қаулының қосымшасына сәйкес дайындау қамтамасыз етілсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабардар етілсін.
3.Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссияларына 2025 жылдың 11 сәуірінен кешіктірмей бөлсін және жіберсін.
4.Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы м.а Б.Ідірісов
Қызылорда қаласы
2025 жылғы 7 сәуір
№178/133