«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 605 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 605 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15 тармағында:
41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58)-тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«41) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздікті және деректерді басқару саласындағы бірыңғай талаптардың, сақталуы бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, олардың бірізді қолданылуын қамтамасыз етеді;
42) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуын үйлестіреді және мониторингін жүзеге асырады;
43) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
44) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
45) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарайды және тиісті шешімдер қабылдайды;
46) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
47) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды;
48) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;
49) субъектілердің дербес деректері құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
50) қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды:
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына дереу хабарлауды;
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимылды;
51) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
52) инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;
53) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасайды, сонлай-ақ осы қызметті үйлестіреді;
54) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады, сондай-ақ, осы қызметті үйлестіреді;
55) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу мен орналастыруды қамтамасыз етеді;
56) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді, толықтыруды жүзеге асырады және үйлестіреді;
57) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді есепке алуды және өзектендіруді жасайды және үйлестіреді;
58) өзінің интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты орналастырады;»;
келесі мазмұндағы 58-1), 58-2), 58-3), 58-4), 58-5), 58-6), 58-7), 58-8), 58-9), 58-10), 58-11), 58-12), 58-13), 58-14), 58-15), 58-16), 58-17), 58-18), 58-19)-тармақшалармен толықтырылсын:
«58-1) техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына оның сұратуы бойынша ұсынады;
58-2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
58-3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қоғамдық қолжетімділік пункттерін, оның ішінде осы қолжетімділікті ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыруды үйлестіреді;
58-4) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды, сондай-ақ осы қызметті үйлестіреді;
58-5) ашық деректер интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыруды қамтамасыз етеді;
58-6) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, олардың дұрыстығын және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
58-7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу мәселелерін үйлестіреді;
58-8) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына «электрондық үкiмет» веб-порталын ақпараттық толықтыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;
58-9) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындауды қамтамасыз етеді;
58-10) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
58-11) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;
58-12) облыстың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
58-13) облыстың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
58-14) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мен орталық мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
58-15) уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс желілері мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлеуін және бекітілуін қамтамасыз етеді;
58-16) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындауды қамтамасыз етеді;
58-17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта операторларының өндірістік объектілері үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлуді, сондай-ақ почта операторларына олардың аумағында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдемдесуді ұйымдастырады;
58-18) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды ұсынуын ұйымдастырады;
58-19) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
2. «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә.М. Мұхамедияровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қызылорда облысының
      әкімі                                                            Н. Нәлібаев

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 605 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
02 апреля 2025