2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Арал ауданы Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды өткізу кезіндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 41-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2025 жылғы 23 наурыздағы №171 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Арал ауданы Аралқұм ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 23 наурыздағы акт бойынша Арал ауданының әкімі ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Аралқұм сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 11 (он бір) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2.2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 23 наурыздағы акт бойынша Арал ауданының әкімі ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Бекбауыл сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 10 (он) дананы құрайтын болып белгіленсін.
3.Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін осы қаулының қосымшасына сәйкес дайындау қамтамасыз етілсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабардар етілсін.
4.Арал аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссияларына 2025 жылдың 27 наурызынан кешіктірмей бөлсін және жіберсін.
5.Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

                 

                        Төраға                       А.Ерсултанов

                       Хатшы                        А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы
2025 жылғы 23 науыз
№171/130

2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Арал ауданы Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды өткізу кезіндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы
Дата публикации
23 марта 2025