«Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 667 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 667 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 65 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4384 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                   Қызылорда облысының
                   әкімі                                                     Н. Нәлібаев

                  Қызылорда облыстық
                  мәслихатының  төрағасы              М. Тлеумбетов

«Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 667 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
19 марта 2025