Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 369 және 2012 жылғы 28 наурыздағы № 19 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы Қызылорда қаласында 1 (бір) шаршы метрге 2300 (екі мың үш жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.».
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда
облысының әкімі Н. Нәлібаев
Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов