«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 41-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2025 жылғы 9 наурыздағы №165 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны 2025 жылғы 9 наурыздағы акт бойынша Сырдария ауданының әкімі ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Сырдария ауданы мәслихатының №4 сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен 19 (он тоғыз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2.Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау осы қаулының қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабардар етілсін.
3.Сырдария аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссияларына 2025 жылдың 13 наурызынан кешіктірмей бөлсін және жіберсін.
4.Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2025 жылғы 9 наурыз
№165/128