«Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5758 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасының 2-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;».
2. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және
Қызылорда қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының
әкімі                                                                                    Н. Нәлібаев

«Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
05 марта 2025