Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №334 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6851 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларында:
19-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылған орындарда шомылуға;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.