2024 жыл қорытындысымен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасымен 2024 жылы жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысының тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 82,7%-ды құрады, бұл өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 0,8% - ға жоғары (2023 жылы – 81,9%). Бұл ретте қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің орташа балы ең жоғары 5 балдың 4,70 - ін құрады.
Мониторинг 70 мемлекеттік қызмет түріне жүргізілді, оның ішінде 13 қызмет түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Жалпы, жүргізілген мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғары деп белгілеуге болады, себебі бағалауға қатысқан қызмет алушылардың 82,7 пайызы қызмет көрсету сапасымен толығымен қанағаттанған.

Дата публикации
04 февраля 2025