«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №58/73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2025 жылға арналған шаралар кешенін басшылыққа алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы бойынша сайлау процесін ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды оқытудың 2025 жылға арналған жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Қызылорда облысының білім басқармасына, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне, Қызылорда «Болашақ» университетіне, Қызылорда ашық университетіне, Қызылорда облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Н.Накиповке жүктелсін.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2025 жылғы 9 қаңтар
№149/115