«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-, 19-, 20-, 33- баптарына, Қызылорда облыстық мәслихатының 18-сессиясының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №130 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумақтық сайлау комиссияларымен өзара әрекеттесу регламентіне сәйкес және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №145 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылға жұмыс жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А. Сырлыбаева