2025 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауда әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері осы қаулының 1 – 3  қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы Қызылорда қалалық және аудандық сайлау комиссияларына жіберілсін және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын. 
 
 
 
                                        Төраға                                       А.Ерсултанов
 
Хатшы                                       А. Сырлыбаева                                                   
                                   
 
 
 
 
 
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 31 желтоқсан 
№145/109  қаулы

 

   

 

2025 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауда әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
31 декабря 2024