Қызылорда облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. «Қызылорда облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 28 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7411 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының
әкімі                                                                            Н. Нәлібаев


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қосымша
Дата публикации
29 ноября 2024