«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-, 33-баптарына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысымен бекітілген «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу» қағидаларына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы отырысының 2024 жылғы 11 қарашадағы №136 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Арал ауданы Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны Қазақстан Республикасының сайлаушы –азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес, сайлаушылардың жалпы санының бір пайыз мөлшерінде Сапақ ауылдық округі бойынша 5 (бес) данада дайындалсын.
2. Арал аудандық сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына 2024 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей бөліп беруді қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 11 қараша
№136/99