2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне қол жетімділігін алу үшін учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін айқындау туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24, 25, 26 - баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының бірлескен 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 41/51 қаулысы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №559/НҚ бұйрығын негізге алып, Қызылорда облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисіне қолжетімділігін алу үшін учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы облыстың аумақтық референдум комиссияларына жіберілсін және облыстық референдум комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы                                                    А.Ерсултанов

Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының хатшысы                                                    А.Сырлыбаева

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 17 қыркүйек
№121/92
2024 жылғы 18 қыркүйек
№11-01/95

Дата публикации
18 сентября 2024