«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24, 25, 26 - баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының бірлескен 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 41/51 қаулысы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №559/НҚ бұйрығын негізге алып, Қызылорда облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысы әкімінің аппараты БҰЙЫРАДЫ:
1.2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисі жұмыс істейтін дауыс беруге арналған учаскелердің тізімі осы қаулының және бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және бұйрық облыстың аумақтық референдум комиссияларына жіберілсін және облыстық референдум комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы А.Ерсултанов
Қызылорда облысы әкімі
аппаратының басшысы Ә.Мұхамедияров
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 17 қыркүйек
№121/91
2024 жылғы 18 қыркүйек
№11-01/95