2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда азаматтарды тіркеуге қатысты қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін референдум учаскелерін айқындау туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24, 25, 26 - баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 41/52 бірлескен қаулысын, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 558/нқ бұйрығын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №697 бұйрығын басшылыққа алып, Қызылорда облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысы әкімінің аппараты БҰЙЫРАДЫ:
1.2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда азаматтарды тіркеу үшін қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласының референдум учаскелері айқындалсын.
2.Қызылорда қалалық референдум комиссиясы учаскелеік референдум комиссияларының 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру алгоритмін орындауына бақылауды қамтамасыз етсін.
3.Осы бірлескен қаулы және бұйрық Қызылорда қалалық референдум комиссиясына жіберілсін және Қызылорда облыстық референдум комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 


Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы                                      А.Ерсултанов

Қызылорда облысы әкімі
аппаратының басшысы                                          Ә.Мұхамедияров

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 17 қыркүйек
№121/90
2024 жылғы 18 қыркүйек
№11-01/94

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда азаматтарды тіркеуге қатысты қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін референдум учаскелерін айқындау туралы
Дата публикации
18 сентября 2024