«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 29-бабының 1-бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 41-бабының 6-1) тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №41/50 «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес және облыстық референдум комиссиясы отырысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №119 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дайындалуға тиіс дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне енгізілген Қызылорда облысы бойынша азаматтардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде 4924 (төрт мың тоғыз жүз жиырма төрт) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау үшін Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкерінің баспаханасы айқындалсын.
3.Аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін учаскелік референдум комиссияларына 2024 жылдың 19 қыркүйегінен кешіктірмей бөліп беруді қаматамасыз етсін.
4.Осы қаулы «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкеріне, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне, облыс бойынша аумақтық референдум комиссияларына жіберілсін және облыстық референдум комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы А.Ерсултанов
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 16 қыркүйек
№119/89