2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қызылорда облысы бойынша ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-, 33-баптарына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2024 жылғы 22 тамыздағы №106 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қызылорда облысы бойынша ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны Қазақстан Республикасының сайлаушы - азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес төменде көрсетілген ауылдық округтердегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде:
1)Арал ауданының Бөген ауылдық округі бойынша 10 (он) данада;
2)Арал ауданының Қосаман ауылдық округі бойынша 4 (төрт) данада;
3)Қазалы ауданының Тасарық ауылдық округі бойынша 5 (бес) данада дайындалсын.
2.Арал, Қазалы аудандық сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына 2024 жылдың 30 тамызынан кешіктірмей бөліп беруді қаматамасыз етсін.
3.Осы қаулы Арал, Қазалы аудандық сайлау комиссияларына жолдансын және облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 


                                            Төраға                                 А.Ерсултанов

                                            Хатшы                                А.Сырлыбаева

 


Қызылорда қаласы
2024 жылғы 22 тамыз
№106/75 қаулы

 

Дата публикации
22 августа 2024