2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданының әкімін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-, 33-баптарына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы отырысының 2024 жылғы 22 тамыздағы №106 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданының әкімін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны Қазақстан Республикасының сайлаушы - азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес Шиелі ауданы бойынша сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде 507 (бес жүз жеті) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2.Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау үшін Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкерінің баспаханасы айқындалсын.
3.Шиелі аудандық сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына 2024 жылдың 30 тамызынан кешіктірмей бөліп беруді қаматамасыз етсін.
4.Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясына, «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкеріне жолдансын және облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.


                                           

                                      Төраға                                      А.Ерсултанов

                                      Хатшы                                     А.Сырлыбаева

 

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 22 тамыз
№106/74 қаулы

Дата публикации
22 августа 2024