2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданының әкімін сайлауда әкімге кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-, 28-, 33-баптарына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданының әкіміне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 256 000 (екі жүз елу алты мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу және кандидаттардың үгіт материалдарын шығару – 114 000 (жүз он төрт мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 50 000 (елу мың) теңге.
2. Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Шиелі аудандық сайлау комиссиясы осы қаулыны аудан әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.


                                 

                            Төраға                                     А.Ерсултанов

                            Хатшы                                     А.Сырлыбаева

 

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 1 тамыз
№99/68

Дата публикации
05 августа 2024