2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-, 33-баптарына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 шілдедегі №95 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері 25 (жиырма бес) данада дайындалсын.
2. Шиелі аудандық сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына 2024 жылдың 26 шілдесінен кешіктірмей бөліп беруді қаматамасыз етсін.
3. Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясына жолдансын және облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төрағаның міндетін атқарушы                                    Б.Накипов

 

 

Хатшы                                                                    А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 22 шілде,
№95/66 қаулы

Дата публикации
22 июля 2024