Е.Т.Бодановты Қызылорда
қаласының аумақтық сайлау
комиссияcы мүшесінің
міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 мамырдағы №71 хаттамасының негізінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ерлан Тенизбаевич Боданов Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босатылсын.
2.Осы қаулы Қызылорда қаласының мәслихатына және аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 6 мамыр
№ 71/62 қаулы