«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45, 46-баптарына, 111-1-бабының 6-тармағына, 112-бабының 1-тармағына, Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 13-сессиясының 2024 жылғы 26 сәуірдегі №95 «Облыстық мәслихат депутаты Н.С.Байқадамовтың депутаттық өкілеттігі туралы» шешіміне және «AMANAT» партиясы» Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 004 хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихаты депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетовке берілсін.
2. Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетов Қызылорда облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып тіркелсін.
3. Мурат Жолкелдиевич Тлеумбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
4. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалына жіберілсін және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 26 сәуір
№68/61 қаулы