Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Н.С.Байкадамовтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 сәуірдегі №26/30 «Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» қаулысын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлануына байланысты Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовтың «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сегізінші шақырылған Қызылорда облысы мәслихаты депутаты өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қызылорда облысының мәслихатына жолдансын.
3. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

Төраға                                                                 А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                                А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 26 қаңтар
№ 67/60 қаулы

Дата публикации
26 апреля 2024