2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезіндегі дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес және Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 сәуірдегі №64 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезіндегі дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу кезіндегі дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері дауыс беру пунктінде орналастырылсын.
3. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Төраға                                                 А.Ерсултанов

 

Хатшы                                                 А.Сырлыбаева

 

Қызылорда қаласы
2024 жылғы 22 сәуір
№64/59

Қосымша
Дата публикации
22 апреля 2024