«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 сәуірдегі №24/28 «2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 сәуірдегі №03-08/349 хатымен ұсынылған таңдаушылар тізімін негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны облыс таңдаушыларының санына сәйкес таңдаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса алғанда 154 (жүз елу төрт) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Сайлау бюллетеньдерін олардың қорғалу дәрежесіне сәйкес дайындау үшін Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкерінің баспаханасы айқындалсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.М.Сырлыбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы «Қызылорда қанағаты» жеке кәсіпкеріне жіберілсін және облыстың аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төрағаның орынбасары Б.Накипов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 17 сәуір
№62/58