«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабына, 38-бабының 4- тармағына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша дауыс берудің уақыты сағат 10:00-ге белгіленсін.
2. Осы қаулы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 16 сәуір
№61/57