Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабына, 26-бабының 2-тармағына сәйкес және Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 сәуірдегі №03-08/349 хатымен ұсынылған таңдаушылар тізімін негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша таңдаушылар тізімі туралы Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарын жариялау үшін облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері айқындалсын.
2. Осы қаулы «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне ақпараттық материалды орналастыру қызметі бойынша өзара есеп айырысу жүргізу үшін және интернет-ресурсына орналастыру үшін Қызылорда облыстық мәслихатына жіберілсін.
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2024 жылғы 15 сәуір
№59/56 қаулы