«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5), 12) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 24/27 қаулысын негізге алып, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Таңдаушыларды электрондық тіркеуді жүзеге асыруға және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруға арналған
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Интернет-ресурсының функционалын пайдаланушылары болып Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының сарапшылары Жеңіс Алтайұлы Қарабала мен Әділет Өмірбекұлы Игісін тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Интернет-ресурсының функционалымен жұмыс істейтін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті депутатын сайлау бойынша дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда болуға рұқсат берілсін.
3. Осы шешім Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік техникалық орталығы» РМК-на жіберілсін және облыстың аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға А.Ерсултанов
Төрағаның орынбасары Б.Накипов
Хатшы А.Сырлыбаева
Комиссия мүшелері:
Б.Ахмет Б.Ідірісов
А.Тагибергенов Е.Турабаев
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 9 сәуір
№54 шешім