«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 4 тармағына сәйкес Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы БҰЙЫРАДЫ:
1. Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесі осы қаулының және бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қызылорда облысы аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Ерсултанов
Қызылорда облысы әкімі
аппаратының басшысы Ш.Байманов
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 8 сәуір,
№53/53 қаулы, №11-01/44 бұйрық
Қызылорда облысы аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№53/53 қаулысына
Қызылорда облысы әкімі
аппараты басшысының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№11-01/44 бұйрығына қосымша
Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депуттатығына кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесі
|
№ |
Аудан, қала атауы |
Күні |
Уақыты |
Өтетін орны |
|
1 |
Сырдария ауданы |
8 сәуір |
15:30 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
2 |
Жалағаш ауданы |
9 сәуір |
15:30 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
3 |
Қармақшы ауданы |
10 сәуір |
15:30 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
4 |
Қазалы ауданы |
11 сәуір |
11:00 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
5 |
Арал ауданы |
11 сәуір |
16:30 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
6 |
Жаңақорған ауданы |
15 сәуір |
11:00 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
7 |
Шиелі ауданы |
15 сәуір |
16:00 |
Аудан мәслихатының мәжіліс залы |
|
8 |
Қызылорда қаласы |
16 сәуір |
15:30 |
Қала мәслихатының мәжіліс залы |